Жетекші мектеп » Қайназар ауылындағы №1 орта мектебі бастауыш мектебімен
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қайназар ауылындағы №1 орта мектебі бастауыш мектебімен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(708) 627-64-87
Есепші бөлімі:
+7(708) 627-64-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
октябрь
2023

Жетекші мектеп



Жетекші мектеп жұмысына  талдау

Әдістемелік алаң

2023 жылдың 30 қазанында  жетекші мектеп жоспарына сәйкес әдістемелік алаң өткізілді. Мақсаты: Білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, кедергілерді табуға, дер кезінде оқу үдерісіндегі олқылықтарды жоюда педагогтерге әдістемелік көмек көрсету болды.        Әдістемелік алаңға  мектебіміздің тәжірибелі мұғалімдері оқу сауаттылығы,   жаратылыстану-ғылыми, математикалық сауаттылық бойынша өз тәжірибелерімен  бөлісіп, практикалық жұмыстарын көрсетті. Іс-шараға 30-дан астам ұстаз  қатысты.Мектебіміздің әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ж.Е.Шалбаева әдістемелік алаң мақсатымен таныстырды. Оқу жылы басында   EDU тест  оқушылардың білім  деңгейін тексеруге арналған тест алынған тест нәтижесі бойынша олықылықтар анықталғандығын атап айтты. 

 

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Адият Қамбар және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Кулмурзаева Меруерт  «Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыратын сұрақтар мен тапсырмалар жүйесін құрастыру» (қазақ тілі,  орыс тілі, ағылшын тілі пәндері) тақырыбында өз  іс-тәжірибелерімен бөлісті. Адият Қамбар «PISA: оқу сауаттылығы:мәтінмен жұмыс» тақырыбында таныстырылым ұсынды. Мақсаты:оқушылардың мәтін мазмұның түсіне білуі үшін қолданылатын әдіс-тәсілдерді үйрету, оқу сауаттылығын арттыру. Сонымен қатар  ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Кулмурзаева Меруерт оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру дағдысы мен шығармашылық қабілеттерін дамытудағы белсенді әдістерді талқылап, өзіндік тәжірибелерін ортаға салды.





. 

Қайназар №1 орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Мейрхан Гүландан «Жаратылыстану сауаттылығын дамытудағы тапсырма түрлері» (химия, биология, география, физика пәндері) тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті. Оқушы тұлғасының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру «Жаратылыстану» білім беру саласы пәндерін оқытудың маңызды компоненті болып табылатындығын атап өтті. Оқушылардың ғылыми-жаратылыстану процестері мен құбылыстарын суреттеу, түсіндіру және болжау біліктілігін дамыту мақсатында  оқу процесін жеткілікті деңгейде түсінулеріне, сонымен қатар білімді бағалау, түсіндіру және тануларына көмек көрсету жолдары мен әдістері бойынша іс-тәжірибе алмасты.



    

    



Математика пәнінің мұғалімі  Ергалиева Асем  «Оқушылардың математикалық сауаттылықтарын арттыру жолдары» тақырыбында  тапсырмалар көрсетті. Математикалық сауаттылық -әртүрлі формада берілген сандық ақпараттарды оқу, талдау, түсіндіріп беру; дұрыс негізделген математикалық пайымдаулар айту; есептерді шығарудың тиімді тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзі тексеру екендігін атап айтты. Практикалық бөлімінде  математика пәнінің мұғалімі Рахметхан Кенжегүл  оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыруда математикалық білімді өмірлік жағдаяттарда кездесетін түрлі мәселелерді шешуде еркін қолдану екендігі туралы айтып өтті.  Математика пәні сабақтарында алған білімдерін өмірмен ұштастыруға, оны практикада қолдануға, логикалық есептер шығаруға үйретуге баса назар аудару керектігіне тоқталды. Қатысушы ұстаздарға логикалық тапсырмалар орындатты. Әдістемелік алаң соңында мұғалімдер кері байланыс бере отырып, функционалдық сауаттылықты дамытудың өзектілігін атап өтті.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив