Жетекші мектеп » Қайназар ауылындағы №1 орта мектебі бастауыш мектебімен
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қайназар ауылындағы №1 орта мектебі бастауыш мектебімен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(708) 627-64-87
Есепші бөлімі:
+7(708) 627-64-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
октябрь
2023

Жетекші мектеп

Жетекші мектеп жоспарына сәйкес қазан айының 31 күні  жас мамандарға бағыт беру мақсатында   «Сабақта онлайн платформаларды қолдану –ұстаздың АКТ құзыреттілігінің көрсеткіші»  (жас мамандарға арналған семинар) тақырыбында тәжірибе алаңы өткізілді. Семинарға 25 жас маман қатысты. Семинардың мақсаты: жас мамандарға оқушылардың нәтижелі білім алуы үшін сабақта тиімді платформалар қолданудың, оқушыларды сабаққа қызықтырудың жолдарын ұсыну болды. Семинар барысында тәжірибелі ұстаз Еңбекшіарал орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Қалиева Ұлбосын жас мамандарға платформалардың бірнеше түрлерін ұсынып, олардың тиімділігін және жұмыс жасау қызметін нақты түсіндіріп,мысалдар арқылы көрсетіп өтті.  Қалиева Ұлбосын платформаның мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне тоқталды. Семинар барысында презантация үлгілерін,  Focusky, Classroomsreen платформаларын сабақта қолданудың тиімді әдіс-тәсілдерін көрсетіп, әріптестерімен өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Жас мамандарға білім платформаларын тиімді қолдану оқу сапасын жақсарту кепілі екендігін атап айтты. Семинар соңында жетекші мектеп үйлестірушісі Алимова Ильмира  жетекші мектеп  қызметі мұғалімдердің бірін-бірі үйрететін және бір-бірінен үйрену жағдайын қолдайтын кәсіби орта құруға негіз болып отырғандығын атап айтты. Еңбекшіарал ОМ ДОІЖО орынбасары Қалтаева Анар семинардан алған ақпараттардың маңыздылығына тоқталып, пікір білдірді. Қатысқан жас мамандар семинардың өздері үшін өте тиімді тәжірибе алаңы болғанын айтты.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив