Жетекші мектеп
Жетекші мектеп жұмысына талдау Әдістемелік алаң 2023 жылдың 30 қазанында жетекші мектеп жоспарына сәйкес әдістемелік алаң өткізілді. Мақсаты: Білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, кедергілерді табуға, дер кезінде оқу үдерісіндегі олқылықтарды жоюда педагогтерге әдістемелік көмек көрсету болды. Әдістемелік алаңға мектебіміздің тәжірибелі мұғалімдері оқу сауаттылығы, жаратылыстану-ғылыми, математикалық сауаттылық бойынша өз тәжірибелерімен бөлісіп, практикалық жұмыстарын көрсетті.