«Ұлттық дәстүр» » Қайназар ауылындағы №1 орта мектебі бастауыш мектебімен
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қайназар ауылындағы №1 орта мектебі бастауыш мектебімен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(708) 627-64-87
Есепші бөлімі:
+7(708) 627-64-87
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
март
2022

«Ұлттық дәстүр»

«Ұлттық дәстүр» тақырыбында кітап көрмесі қойылды. Көрмеге: «Той», «Қазақтың дарқан дастарханы», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Қазақтың дәстүрлі атаулары», «Ақ босаға», «Қазақ халқының дәстүрлері той-мереке, сауық-сайран», «Беташар», «Қазақ дәстүрлі мәдениетінің анықтамасы» атты кітаптар ұсынылды.


1-4 сыныптар арасында «Наурыз тойы» атты тақырапта сынып сағаттары өткізілді. Әр сынып қазақ халқының дәстүрлерін сахналап көрініс көрсетті.



Сонымен қатар 1-11 сынып оқушылар арасында ұлттық спорттық ойын түрлерінен: қол күрес, арқан тарту, күрес, бес тас, кір көтеру өткізілді.


Қөл өнер пәнің мұғалімі А.Баратованың  ұйымдастыруымен 1-11 сынып арасында «Бақ дарытқан құт Наурыз» атты тақырыпта  жас суретшілер байқауы өткізілді.  Оқушылар өз жұмыстарын шығармашылықпен орындап суретке деген қабілеттерін көрсетті, салт-дәстүр, ұлттық киім үлгілері, ойын түрлерін суретке бейнелеп түсірді.    Үздік  суреттер салған оқушылар марапатталды.


Іс шара жоспарына сәйкес, 5 "А" сынып оқушыларымен "Жыл басы - Наурыз" атты тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағат барысында оқушыларға "Наурыз мерекесінің тарихы" бейнебаян көрсетілді.  Сонымен қатар қыздар наурыз көженің дайындалуы туралы таныстырлым жасап, ұлдар ұлттық ойындар туралы түсінік беріп ортаға өз ойларын салды. Және де өлең жолдарын мәнерлеп оқыды, шағын көрініс қойып, ән айтып, би биледі. Тәрбие сағаты бойынша оқушылардан кері байланыс алынды. 


Мектепте Наурыз мерекесін атап өту іс- шара жоспары бойынша «Жыл басы-Наурыз» атты 6 «А» сынып сағаты өткізілді. Қазақтың ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлері «Амал» мерекесі жайлы танысып ,оқушылар бір –бірімен көрісіп ,жақсы тілектер айтты. Ата-бабамыздың болашақ ұрпағын ойлап, жақсы жермен құда болу мақсатына орындалатын «Қамшы ілу» дәстүрі маңызы жайлы білді .Сабақ соңында  «Наурыз-көктем» әнін  оқушылар бірге  орындады.


7 «А» сыныптар оқушылары «Наурыз мейрамы несімен ерекше»   атты тақырыпта құттықтау бағдарламасын өткізді.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив